QyzPU мен Малайзия Политехникалық университеті серіктестікті кеңейтуді жоспарлауда



    • QyzPU мен Малайзия Политехникалық университеті серіктестікті кеңейтуді жоспарлауда

      QyzPU-да Малайзияның Политехникалық университетінің (UPTM) делегациясымен ресми кездесу өтті.

      Шара екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтып, білім беру саласындағы бірлескен жобалар мен алдағы серіктестік бағыттарын талқылау мақсатында өтті.

      Кездесуге QyzPU тарапынан Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Сәбит Суатай, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Салтанат Джакубаева, Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры Гүлназ Салгараева және Жаратылыстану институтының директоры Гаухар Байташева қатысты.
      Ал UPTM делегациясын Өндірістік байланыстар және академиялық интернационалдандыру жөніндегі директордың орынбасары Нур Айн Сязмин Ахмад Заки бастап келді. Сонымен қатар Халықаралық маркетинг басқармасының аға менеджері Айнаа Набила Зайнал да кездесу барысында өз ойларымен бөлісті.

      Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындап, академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер, оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

      Кездесу нәтижесінде университеттер арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ортақ қызығушылық бар екені белгілі болды. Тараптар болашақта нақты жобалар аясында өзара байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді.

      Бөлісу: