«Ерте модерн биінің ұзақ ізі» атты дәрістер сериясы басталды
-
22 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 22 қыркүйекте Qazaq Ballet Creative Lab жаңа білім беру жобасы аясында Оксфорд университетінің екінші курс докторанты, тарихшы Линда Квиткина«Ерте модерннің ұзақ ізі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты дәрістер циклінің алғашқы кездесуі өтті.
Кездесу барысында тыңдармандар ХХ ғасырдың басындағы би өнеріне тарихшының көзімен қарауға мүмкіндік алады. Линда Квиткинаның ғылыми қызығушылықтары – тән мен қозғалыс, би тарихы, сондай-ақ бидің саясатпен және тарихпен өзара байланысы. Бұл – жас зерттеушілер, студенттер мен би және мәдениетке қызығушылар үшін әлемдік тәжірибеден шабыт алуға, кәсіби көкжиектерін кеңейтуге және Оксфордтан келген сарапшыға тікелей сұрақ қоюға арналған бірегей мүмкіндік.
Алдағы дәрістер 24 қыркүйек сағат 12:00-де және 26 қыркүйек сағат 14:00-де жалғасады.
Жоба серіктесі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хореография және арт-менеджмент кафедрасы.
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!
Бөлісу: