QyzPU студенттері дзюдодан ел чемпионатында жүлдегер атанды



    • QyzPU студенттері дзюдодан ел чемпионатында жүлдегер атанды

      19–20 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 400-ден астам спортшы қатысып, мықтылар анықталды.

      Аталған чемпионатта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру» мамандығының 2 курс студенттері Аяулым Тұрдике күміс жүлде алып, Нурай Камзаева қола жүлде иеленді.

      Күміс жүлдегер Аяулым Тұрдике Олимпиада шыңын бағындыруды армандайтынын айтты.

      «Жүлделі орын алған сәттегі сезімімді сөзбен жеткізу қиын. Бұл – осы уақытқа дейінгі еңбегімнің ақталған сәті. Барлық қарсыласым мықты дайындықпен келген. Мен де әр кездесуге тыңғылықты дайындалдым. Күніне екі рет, екі сағаттан жаттығу жасадым. Дзюдодағы жетістігіме себепкер – ең алдымен әкем әрі жеке бапкерім Елдос Жұмақанов. Университеттегі оқу мен спортты қатар алып жүру оңай емес, бірақ мен тырысып жүрмін. QyzPU-дағы спорттық орта мені қатты шабыттандырады. Университетіміздің атын биіктен көрсету – басты мақсатым. Бұл жеңіспен тоқтап қалмаймын. Алда – Азия, әлем чемпионаттары. Арманым – Олимпиада шыңын бағындыру», – деді жас спортшы.

      QyzPU студенттерінің халықаралық және ұлттық деңгейдегі бұл жетістіктері – табандылықпен жасалған жаттығулардың, жаттықтырушылар еңбегінің және университеттегі спорттық дәстүрдің нақты жемісі.

      Бұл жеңістер университеттің білім беру мен спорт саласындағы беделін арттыра отырып, жас спортшыларды білім мен спортты қатар дамытуға шабыттандырары сөзсіз.

      Бөлісу: