Қаржылық сауаттылық – табысты болашақ кепілі
-
18 қыркүйек, 2025
QyzPU-да 1 курс студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты мотивациялық дәрістер циклы басталды. Алғашқы кездесу Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы ұйымдастыруымен Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында өтті.
Қаржылық сауаттылықты арттыру – қазіргі жастардың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік дамуының маңызды бөлігі. Дәріс барысында студенттер жеке бюджет жүргізу, жинақ жасау, табыстар мен шығындарды жоспарлау секілді пайдалы дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.
Дәрістің басты мақсаты – қаржылық мәдениетті қалыптастыра отырып, жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін күшейту.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келеді:
- ТДМ 4 – Сапалы білім: Қаржылық сауаттылық – білім алушылардың жан-жақты дамуына жол ашады.
- ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсім: Жастарды қаржылық жауапкершілікке баулиды.
- ТДМ 17 – Серіктестік: Қоғамдық күшті біріктіріп, түлектер мен серіктестер арасында ынтымақтастық орнатады.
Бұл мотивациялық дәріс – тек теориялық білім емес, сонымен қатар қаржылық дербестікке бастайтын нақты қадам. Іс-шара соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, орталықтың арнайы дайындаған шағын сыйлықтарына ие болды.
Бөлісу: