QyzPU университетіне қытайлық «Fenbi» компаниясының делегациясы келді
-
22 қыркүйек, 2025
QyzPU-ға Қытайдың жетекші білім беру компанияларының бірі – «Fenbi» өкілдері ресми сапармен келді. Делегация құрамында компанияның президенті әрі негізін қалаушы Вэй Лян, сондай-ақ бірнеше вице-президенті болды.
Fenbi – Қытайда кеңінен танымал online-merge-offline (OMO) форматындағы платформа. Компания 10 миллионнан астам пайдаланушыға қосымша білім беріп, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасап отыр. Платформада ұсынылатын курстар мемлекеттік қызметке тұру, мұғалімдікке сертификат алу және университеттен кейінгі мемлекеттік емтихандарды тапсыру сияқты бағыттарды қамтиды. Барлық курстардың нәтижесінде Қытайда ресми түрде мойындалатын стандартталған сертификат беріледі.
Кездесу барысында университеттің институт және департамент директорлары делегация мүшелерімен бірге білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушыларға арналған стандартталған курстарды оқу процесіне енгізу жолдары қарастырылды.
Бұл ынтымақтастық университет үшін халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге және академиялық процестерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Бөлісу: