Студенттердің қаржылық мәдениеті қалыптастырылды
-
22 қыркүйек, 2025
QyzPU-да 1 курс студенттеріне арналған кезекті мотивациялық дәріс өтті. Іс-шараны Тұлға қалыптастыру департаменті мен Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы Педагогика және психология институтында ұйымдастырды. Дәрісті экономика ғылымдарының кандидаты, MSc Finance (Ұлыбритания) бағдарламасының түлегі, 15 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби қаржы директоры Айгерім Ильясова жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың кәсіби және жеке дамуына қолдау көрсету, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілікті нығайту.
Дәріс барысында қатысушыларға қаржыны басқарудың негізгі қағидалары түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік жәрдемақыны тиімді пайдалану жолдары, күнделікті шығындарды жоспарлау, қаражатты үнемдеу және жинақтау әдістері, қажетсіз қарыздан аулақ болудың маңыздылығы туралы практикалық кеңестер берілді.
Шара жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ өз болашағын сенімді әрі жауапкершілікпен жоспарлауға ықпал етеді.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, нақты айтқанда, ТДМ 4 – «Сапалы білім беруге» толықтай сай келеді. Бұл бағыт білім алушылардың қаржылық сауаттылығын жетілдіріп, олардың кәсіби және тұлғалық дамуын қолдайды.Дәріс соңында студенттер спикерге сұрақтарын қойып, белсенді қатысқаны үшін орталық атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.
Бөлісу: