«QYZPU FEST – 2025» өзін-өзі басқару ұйымдарының жәрмеңкесі өтті



    • «QYZPU FEST – 2025» өзін-өзі басқару ұйымдарының жәрмеңкесі өтті

      16-17 қыркүйек күндері университетте дәстүрлі «QYZPU FEST – 2025» өзін-өзі басқару ұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Бұл шара – жас педагогтерді жан-жақты қолдап, олардың шығармашылық, көшбасшылық және ұйымдастырушылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң.

      Жәрмеңкенің басты мақсаты – университет студенттерін түрлі өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметімен таныстыру, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау және жаңа мүшелерді тарту.

      Шара аясында студенттік кеңестер мен ұйымдардың таныстырылымы өтті, мәдени және спорттық бағдарламалар ұсынылды, еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларының жобалары көрсетілді, студенттердің шығармашылық қойылымдары мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды.

      «QYZPU FEST – 2025» – студенттердің тұлғалық дамуына, университет өміріне белсенді араласуына және көшбасшылық қасиеттерін шыңдауына ықпал ететін дәстүрлі мереке.

      Аталған шара болашақ мамандарды қоғамға бейімдеуде, олардың кәсіби-әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруда ерекше маңызға ие.

      Бөлісу: