Студенттердің белсенділігі – университет жетістігінің кепілі
-
16 қыркүйек, 2025
Бүгін Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Сәбит Құрманжанұлы Жастар саясаты орталығына қарасты студенттік белсенділермен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жаңадан сайланған төрағаларымен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сәбит Құрманжанұлы студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың бастамалары мен идеяларын қолдайтынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ университеттің дамуына студенттердің қосар үлесі зор екенін, әсіресе қоғамдық, мәдени және әлеуметтік жобалардағы белсенділіктің маңыздылығын жеткізді.
Өз сөзінде ол: «Университет тек білім беретін орта ғана емес, сонымен қатар көшбасшы студенттерді тәрбиелейтін алаң. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз біз үшін құнды», — деп атап өтті.
Кездесу барысында студенттік ұйымдардың өкілдері алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа жобалар мен бастамаларын таныстырды. Ашық форматта өткен жиында студенттер өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Кездесу қорытындысында университет басшылығы мен студенттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Бөлісу: