PINK Unaity: колледж студенттерінің достық пен шығармашылық мерекесі
-
15 қыркүйек, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрамындағы Кәсіби білім беру колледжінде ерекше көңіл-күй сыйлаған «PINK Unaity» кеші өтті.
Бұл кеш – тек көңіл көтеру ғана емес, студенттерді бірлікке шақырып, достықты арттыратын маңызды шара болды. Колледж директоры Ақбөпе Қасымбекқызы Карабаева айтқандай, мұндай шаралар жас қыздардың бойындағы талантын ашып, олардың оқу мен өмірге деген ынтасын арттырады.
Бағдарлама студенттер үшін өте қызықты өтті. «Студенттік өмір» әнін орындаған 215-топ студенттері мерекеге ерекше реңк қосты. Сұрақ-жауап ойыны арқылы студенттердің білімі мен тапқырлығы сыналды. Жас өнерпаздар шығыстың әсем биін орындап, көрерменді қуантты, барлығы бірлесіп көңілді флешмоб биледі. «Кім жылдам?» және «Ең креативті топ» сайыстарында студенттер өз шеберліктері мен қиялын көрсетті. Кеш соңында студенттер бірге «Таспа» әнін шырқап, бірліктің, достықтың, студенттік жылдардың ерекше рухын сезінді.
«PINK Unaity» – колледж студенттерінің бір-біріне деген сыйластығын, ұйымшылдығын нығайтқан, көңілдеріне шаттық сыйлаған ұмытылмас мерекеге айналды.
Бөлісу: