HUAWEI ICT Academies өкілдерімен кездесу өтті



    • HUAWEI ICT Academies өкілдерімен кездесу өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Huawei ICT Academies өкілдерімен кездесу өтті. Шара Huawei ICT Competition Roadshow 2025-2026 бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

      Жыл сайын өтетін бұл жоба Қазақстанның 48 жоғары оқу орнын қамтып, студенттерге заманауи технологиялармен танысуға, сарапшылардан білім алуға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

      15 қыркүйек күні университетте кездесуде Huawei ICT Academies қолдау орталығының өкілі Темірлан Жақсылықов компанияның халықаралық бастамалары туралы мазмұнды презентация жасады. Ол студенттерге Huawei компаниясының білім беру бағдарламалары, инновациялық жобалары мен мансаптық артықшылықтары жайлы маңызды ақпарат берді.

      Конкурсқа тіркелген студенттерге естелік сыйлықтар ұсынылды. Іс-шараны Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы ұйымдастырды. Оған «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедраларының оқытушылары мен студенттері қатысты.

      Кездесу студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуға ынталандырды.

      Бөлісу: