QyzPU жас зерттеушілері ECER 2025 конференциясында ғылыми жобаларын ұсынды
-
11 қыркүйек, 2025
QyzPU жас ғалымдары халықаралық ECER 2025 (European Conference on Educational Research) конференциясына қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын Еуропа және әлем ғалымдарына таныстырды.
Конференция Белградта 2025 жылдың 8-9 қыркүйегі (жас зерттеушілер конференциясы) және 2025 жылдың 9-12 қыркүйегі (ECER) аралығында өтуде.
Университет атынан «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының докторанттары мен «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» бағдарламасының магистранттары ғылыми баяндамалар ұсынды.
Атап айтқанда, докторанттар:
Тургалиева Айман – Қазақстандағы мұғалім мен оқушы арасындағы этикалық қарым-қатынас: әдістемелік талдау;
Болтабекова Акерке – Мұғалімдерді аттестаттау мен оқыту сапасы арасындағы байланыс;
Амирова Диана – Жаңадан бастаған мұғалімдердің кәсіби дамуына тәлімгерліктің әсері (Қазақстандық контекст);
Ибрагимова Әйгерім Нұрланқызы – Болашақ мұғалімдердің көзқарасы негізінде оқу тәжірибесінің цифрлық бейімделуі;
Елеусіз Айгүл Бейбітқызы – Шетел тілі мұғалімдерінің медиа сауаттылығын зерттеу: Қазақстан жағдайындағы кейс-стади.Магистранттар (Жас зерттеушілер конференциясының постерлік сессиясы):
Сәбит Гайни – Жаңадан келген мұғалімдерге тәлімгерлік етудегі көшбасшылықтың рөлі: әдеби шолу;
Тоғжан Қайырғазықызы – Жасөспірімдерді кәсіби бағдарлауда мансап кеңесшілерінің рөлі: әдеби шолу;
Раева Назира Қожахметқызы – Сынып жетекшісінің көшбасшылығы оқушы тұлғасының дамуына әсері: әдеби шолу.Зерттеу жұмыстары PhD докторлары: Аюбаева Назипа Алтынбековна, Қанай Гүлмира Әмірханқызы және Жалалова Ақшай Максутовнаның ғылыми жетекшілігімен жүргізілді.
Жас зерттеушілерімізге ғылым жолындағы қажырлы еңбектеріне сәттілік тілейміз!
Бөлісу: