QyzPU докторанты Зинагүл Суранчиева Тұрғанқызы докторлық диссертациясын сәтті қорғады
-
02 қыркүйек, 2025
QyzPU докторанты Зинагүл Суранчиева Тұрғанқызы «Цифрлық білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда дискретті математика элементтерін оқыту әдістемесі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Ғылыми еңбек цифрлық білім беру ортасында болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдіруге және тиімді оқыту әдістемесін әзірлеуге бағытталған. Зерттеу жұмысы дискретті математика элементтерін тиімді оқыту әдістерін айқындап, білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуге арналған.
Зерттеудің нәтижелі болуына үлес қосқан ғылыми кеңесшілері: Бакирова Эльмира Айнабековна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор;
Бостанов Бектас Ганиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Федосов Александр Юрьевич – Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.
Суранчиева Зинагүл Тұрғанқызының еңбегі білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында сапалы кадр дайындаудың жаңа үлгілерін ұсынуы арқылы еліміздің педагогикалық ғылымына зор үлес қосты.
Бөлісу: