Жаңа оқу жылына жүйелі дайындық жүргізілуде
-
26 тамыз, 2025
Бүгін Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Суатай Сәбит Құрманжанұлы университеттің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Бақылау кезінде музейді, Акт залын және жатақхананы аралап, оқу орнының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасына ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысында Суатай Сәбит Құрманжанұлы студенттер үшін жайлы орта қалыптастыру мен оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Жауапты бөлімдерге оқу жылын жоғары деңгейде бастауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Университетте жаңа білім маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бөлісу: