QyzPU студенттері Түркиядағы жазғы мектепке қатысты
-
20 тамыз, 2025
Университетіміздің он студенті Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Білім атташелігінің қолдауымен Ыстамбұл қаласындағы Ибн Халдун университетінде өткен «Түрік тілі мен мәдениеті» жазғы мектебіне қатысып қайтты.
Бағдарлама екі апта бойы жалғасып, студенттерімізге түрік тіліндегі дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ өнер, музыка, тарих және ұлттық дәстүрлер арқылы бай мәдениетпен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Жазғы мектеп аясында тіл сабақтары мен драма жаттығулары, дәстүрлі өнер мен аспаздық бойынша шеберлік сабақтары, караоке, кино көрсетілімдері және үстел ойындары өтті. Сонымен қатар студенттер Ыстамбұлдың тарихи орындарын аралап, Босфор турына шықты. Бағдарламаның соңында әрбір қатысушыға арнайы сертификат табысталды.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері Нұртаза Айдана Нұралықызы университет атынан студенттерге ментор ретінде қолдау көрсетіп, олардың жаңа ортада тілдік және мәдени тәжірибе алуына ықпал етті. Мұндай халықаралық жобалар QyzPU студенттеріне әлемдік білім кеңістігінде тәжірибе жинақтап, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бөлісу: