«Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Алма Аманжолова



    • «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Алма Аманжолова

       АЛМАТЫ. 12 ақпан. Баспасөз орталығы – Алма Аманжолова – дәстүрлі әнші. Ол 1977 жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін тәмамдаған.

      А. Аманжолова 1994 жылы Алматыдағы А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясын, 1998 жылы Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжін «Әнші-домбырашы, ансамбль солисі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін тәмамдаған.

      Мектеп қабырғасынан домбырамен ән салып көптеген байқаулардың жеңімпазы атанады.

      Еңбек жолын 1996 жылы «Алтын домбыра» өнер бірлестігінде әншісі болып бастайды. 2000 – 2002 жылдары сатирик-жазушы Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр» театрында әнші-актриса, 2002 – 2009 жылдары «Жаңа Фильм» студиясында музыкалық редактор, 2009 – 2012 жылдары «Құлан саз» ансамблінің әншісі болып еңбек етеді. 2015 жылдан бері «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әншілер бөлімі басшысы және әнші-актриса қызметінде. 

      Алма Аманжолованың орындауындағы «Қара пима» толғауы көп отбасының шырқын бұзған індет – маскүнемдікке қарсы жазылған шығарма.  Осы толғаудың әсерімен көптеген азаматтар әлі күнге түзу жолға түсіп отбасына оралып қатарға қосылды.

      Өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың «Елге сәлем», «Жан ана», «Туған жерім тамаша», «Қызым саған айтамын», «Қара кемпір», «Қара пима» сынды танымал әндерін халық арасында кеңінен насихаттап жүрген әнші.  Алма Аманжолова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Өнер қайраткері» медальдарымен марапатталған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: