«Білім берудегі шахмат. Бастапқы деңгей. 3-модуль» біліктілікті арттыру курстары



    • «Білім берудегі шахмат. Бастапқы деңгей. 3-модуль» біліктілікті арттыру курстары

      2025 жылдың 11–15 тамызы аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі шахмат. Бастапқы деңгей. 3-модуль» атты біліктілікті арттыру курстары өтеді.

      QyzPU – еліміздің жоғары оқу орындарында шахматты кеңінен насихаттау бағытында Қазақстан шахмат федерациясының стратегиялық серіктесі.

      Курстың негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептердің 3-сынып оқушыларына «Шахмат негіздері» пәнін сапалы оқыту үшін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Шахматты дамыту жөніндегі кешенді жоспардың ережелерін іске асыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар ол еліміздегі білім беру сапасын жақсартуға, жаңа әдістемелер мен технологияларды оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.

      Курс мазмұны шахматты оқу бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибеге негізделген және оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын – когнитивтік, әлеуметтік және эмоционалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама халықаралық зерттеулер нәтижелерін ескере отырып әзірленген.

      Курсқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 38 мұғалім қатысуда.

      Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға 3-сынып оқушыларына шахмат негіздерін оқыту құқығын беретін сертификаттар табысталады.

      Бөлісу: