Алматыда ұлы Абай рухына тағзым етілді
-
12 тамыз, 2025
10 тамыз – Абай күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Республика сарайының алдында салтанатты рәсім өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етуге арналған шараға қала тұрғындары мен жастар, соның ішінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің белсенді студенттері де қатысты.
Жиын барысында Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, оның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалды. Қатысушылар ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер тұлғаның мұрасына құрмет білдіріп, оның ой-толғамдарын қайта зерделеді.
Қыздар университетінің студенттері өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, Абай ілімінен нәр алған заманауи жастар ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Олар ақынның гуманистік көзқарастары мен адамгершілік идеяларын насихаттап, ұлт ұлына деген шынайы құрметтерін жеткізді.
Іс-шара соңында Абайдың өнегелі мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызы айтылып, рухани жиын салтанатты түрде қорытындыланды.
Бөлісу: