QyzPU қабылдау комиссиясы: құжат қабылдау жалғасуда



    • QyzPU қабылдау комиссиясы: құжат қабылдау жалғасуда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқуға құжат қабылдау жалғасып жатыр.

      • Бакалавриаттың – 44 білім беру бағдарламасы
      • Магистратураның – 31 бағдарламасы
      • Докторантураның – 12 бағдарламасы
      • Колледждің – 2 бағдарламасы

       Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.

      Қабылдау жұмыстарын университеттің 5 институты бойынша 24 техникалық хатшы және 14 студент-кеңесші атқарып жатыр. Олар талапкерлерге құжаттарды дұрыс жинау бойынша көмек көрсетеді.

      Қабылдау электрондық кезек арқылы жүргізіледі, талапкерлер мен ата-аналар үшін күту орындары қарастырылған.

       Ескерту: Қабылдау комиссиясының барлық қызметі тегін көрсетіледі. Гранттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурстық комиссиясы арқылы бөлінеді. Кез келген ақылы көмекті ұсыну әрекеті алаяқтық деп саналады.

      Бөлісу: