«Үздік ЖОО» номинациясын жеңіп алды



    • «Үздік ЖОО» номинациясын жеңіп алды

      8–11 шілде аралығында Абай облысында өткен «ASK CAMP» Республикалық форумы аясында QyzPU «Үздік ЖОО» номинациясын жеңіп алды. Бұл жеңіс — жастардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған «Jas Power» жобасы аясындағы маңызды жетістіктердің бірі.

      Форумды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Абай облысы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымдастырды. Ауқымды жоба ел жастарына шабыт беріп, көшбасшылық қасиеттерін дамытатын, достық пен ынтымақтастықтың алаңына айналды.

      Форум барысында қатысушылар мотивациялық сессияларға, командалық ойындарға қатысып, тарихи Жидебай еліне саяхат жасап, танымдық экскурсиялар арқылы Абай мұрасымен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

      «Үздік ЖОО» номинациясы — бұл тек марапат қана емес, сондай-ақ үздіксіз еңбектің, білім беру сапасының және студенттік бастамаларды қолдаудың айқын дәлелі. Қазақстанның барлық өңіріндегі жоғары оқу орындары арасында үздік атану — зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

      QyzPU — еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде танылуға ұмтылып келе жатқан бірегей білім ордасы. Бүгінгі жеңіс — сол биік мақсатқа бастар жолдағы маңызды қадам.

      Осы еңбекті бағалап, жоғары баға берген Қазақстан Студенттер Альянсына зор алғысымызды білдіреміз!

      Бөлісу: