QyzPU-да жатақханаға орналасуға байланысты Ахуалдық орталық жұмысын бастады



    • QyzPU-да жатақханаға орналасуға байланысты Ахуалдық орталық жұмысын бастады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2025–2026 оқу жылына арналған жатақханаға орналастыру науқанына байланысты "Ахуалдық орталық" өз жұмысын бастады.

      Ахуалдық орталықтың негізгі мақсаты – студенттер мен ата-аналарға жатақханаға орналасу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, қабылдау ережелері және басқа да маңызды мәселелер бойынша нақты, толық және жан-жақты ақпарат беру.

      Орталықта тәжірибелі әрі білікті мамандар қызмет атқарады.  QyzPU жатақханасына қатысты туындаған кез келген сұрақтарға жедел және сапалы жауап беруге дайын.

      Кеңес алу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін көрсетілген телефон нөміріне хабарласып немесе Алматы қ., Гоголь көшесі, 114, 1-қабат, 125-кабинетке қабылдауға келуге болады.

      QyzPU ахуалдық орталығы жатақханаға орналастыру үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

      Барлық сұрақтарыңызбен бізге хабарласыңыз – көмектесуге әрдайым дайынбыз! 

      Бөлісу: