Грант конкурсына арналған шығармашылық емтихандары аяқталды
-
14 шілде, 2025
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының грант конкурсына арналған шығармашылық емтихандары аяқталды.
2025 жылғы 8–11 шілде аралығында шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлердің қабылдау емтихандары өткізілді.
Еске сала кетейік, аталған емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданды.
Біздің оқу орнымызда шығармашылық емтихандарға барлығы 392 талапкер, оның ішінде: Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – 57 талапкер; Музыка мұғалімдерін даярлау – 51 талапкер; Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау – 70 талапкер; Хореография – 75 талапкер; Тынығу – 139 талапкер қатысты.
Келесі кезеңде, аталған емтихандардан өткен талапкерлер 13–20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсыруы қажет.
Ал ақылы негізде оқуға түсу мақсатында шығармашылық емтихандарға өтініштер 9 тамызға дейін қабылданады. Бұл емтихандар 11–12 тамыз күндері өткізіледі.
Білім жолындағы шығармашылық ізденістің алғашқы кезеңін артқа тастаған талапкерлерге сәттілік тілейміз!
Бөлісу: