Түлектер мен университет арасындағы үзілмес байланыс



    • Түлектер мен университет арасындағы үзілмес байланыс

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабырғасына 1981 жылы оқуға түсіп, 1985 жылы «Физика және математика факультетін» тәмамдаған түлектері арнайы келді. Бұл кездесу – өткенді еске алып, рухани байланысты жаңғырту және болашақ ұрпаққа үлгі боларлық игі дәстүрді қалыптастыруға бағытталды.

      Түлектер кездесуі – өткенді еске алып, ұстаздарға алғыс білдіріп, бір-бірімен жүздесудің қуанышты сәтіне айналды. Осыдан 40 жыл бұрын жоғары білімнің іргетасын осы киелі қарашаңырақтан қалаған 35 түлек бүгінгі таңда еліміздің түрлі өңірлерінде білім беру саласында, ғылым мен өндірісте табысты еңбек етіп жүр. Кездесу аясында олар университеттің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, жаңадан бой көтерген оқу ғимараттары мен зертханаларды аралады.

      Іс-шара барысында түлектер өздерінің студенттік жылдарын еске алып, сол кездегі ұстаздары мен достарын ерекше ілтипатпен атап өтті.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы түлектерге шынайы алғысын жеткізіп, олардың білім ордасымен байланысы әрдайым берік боларына үміт артты.

      Мұндай кездесулер – тек сағынышты басу ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың, білім мен рухани құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісі. 40 жыл бұрын бір білім ордасында қанат қаққан түлектердің бүгінгі табыстары – университет мақтанышы. Ал олардың қарашаңыраққа деген құрметі – адалдық пен ықыластың айғағы. Бұл игі дәстүр келешекте де жалғасып, жаңа буын түлектерге тағылым болары сөзсіз.

      Бөлісу: