QyzPU студенті республикалық ғылыми-зерттеу конкурсында жүлделі І орынды иеленді
-
09 шілде, 2025
2025 жылдың 17 сәуір күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары топтамасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы өтті.
Аталған ғылыми шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің “Математика” білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абитбекова Мерей Бақытқызы үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Бұл жетістік – студенттің ізденімпаздығы мен ғылыми бағыттағы жүйелі жұмысының айқын дәлелі.
Мерейдің ғылыми жетекшісі – Математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Н.О. Мекебаев. Ғылыми жетекшінің кәсіби бағыт-бағдары мен тәлімгерлік қолдауы студенттің табысқа жетуіне үлкен септігін тигізді.
Бұл жеңіс – университетіміздегі сапалы білім мен ғылымға негізделген дайындықтың жемісі. Математика саласындағы болашақ мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасап келе жатқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті үшін бұл — тағы бір маңызды жетістік.
Бөлісу: