QyzPU кәсіподақ мүшелеріне Сарыағаш шипажайына жолдамалар табысталды



    • QyzPU кәсіподақ мүшелеріне Сарыағаш шипажайына жолдамалар табысталды

      2025 жылғы 8 шілде күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында QyzPU университетінің түрлі құрылымдарында еңбек ететін 22 кәсіподақ мүшесіне 100% төлеммен Сарыағаш шипажайына емдеу-сауықтыру жолдамалары табысталды.

      Аталмыш шара университет ұжымының жазғы демалысын тиімді өткізуіне жағдай жасау және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл – университет әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының қызметкерлерге деген шынайы қамқорлығының айқын көрінісі.

      Жолдама иелерінің қатарында оқу үдерісін қамтамасыз етуші мамандармен қатар, ғылыми-педагогикалық құрам өкілдері де бар. Сарыағаштың шипалы суы мен табиғаты қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына тың серпінмен оралуына септігін тигізеді деген сенімдеміз.

      Университет басшылығы мен кәсіподақ ұйымы бұл игі дәстүрді алдағы жылдары да жалғастыруды жоспарлап отыр.

      QyzPU ұжымы атынан әріптестерімізге сәтті, мазмұнды әрі сергек жазғы демалыс тілейміз!

      Бөлісу: