Жас ғалымдардың ғылыми жеңісі



    • Жас ғалымдардың ғылыми жеңісі

      2025 жылдың 28 маусымында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша құрылған диссертациялық кеңесте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанттары Баядилова-Алтыбаева Айнура Бактыгалиевна мен Шуриева Айслу Бауржановна докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

      Отандық ғылыми кеңесшілері:Пангереев Абат Шамұлы – филология ғылымдарының докторы, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ профессоры; Тектіғұл Жанна Орынбасарқызы –филология ғылымдарының докторы,Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры.

      Қорғау жоғары деңгейде өтті. Ізденушілер қорғау барысында ғылыми жұмысының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын дәлелдеп, диссертациялық кеңес мүшелерінің сұрақтарына толыққанды жауап берді. Ресми рецензенттер диссертация жұмысына жоғары баға беріп, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығын ерекше атап өтті.

      Диссертациялық кеңестің жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар да қатысты Анкара  Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры,  PhD докторы Naciye Yildiz. Түркияның танымал ғалымы, Еге университетінің профессоры, PhD докторы Metin EKİCİ, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасынан,  Башқұрт мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мунир Иделович Карабаев және Түркияның ғалымы, Түркия Республикасы, Памуккале университетінің профессоры Бирай Нергиз, Манкеева Жамал Айткаливна-филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры және филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің доценті Саткенова Жайна Багашаровна, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Дарибаев Самалбай Дарибаевич, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауым. профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сатемирова Дариха Амантаевна   диссертациялық жұмысты жоғары бағалап, зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен өзектілігін ерекше атап өтті. 

      Қорытындысында диссертациялық кеңес мүшелері бірауыздан ізденушілерге философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы шешім қабылдады. Жас ғалымдарға алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз!

      Бөлісу: