QyzPU-да педагогтік қайта даярлау курсы сәтті аяқталды



    • QyzPU-да педагогтік қайта даярлау курсы сәтті аяқталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығында 2024 жылдың қыркүйек айында басталған педагогтік қайта даярлау білім беру бағдарламасы бойынша 9 айлық оқу курсы өз мәресіне жетті.

      Аталған курс аясында тыңдаушылар заманауи педагогиканың негізгі бағыттары, білім беру технологиялары, оқыту әдістемелері секілді маңызды пәндер бойынша теориялық және практикалық білім алды.

      Университет ректоры м.у.а. Жуманкулова Еркын Нурсагатовна өз құттықтау сөзінде білім беру саласының маңыздылығын атап өтіп, қайта даярлау курсын тәмамдаған педагогтерге шығармашылық табыс, кәсіби өсу және болашақта сәтті еңбек жолын тіледі.

      Бұл курс педагог мамандарға үздіксіз білім алу жолында жаңа мүмкіндіктер ұсынып, маңызды платформалардың біріне айналды.

      Бөлісу: