IP бағдарламалар және силлабустар



    • IP бағдарламалар және силлабустар

      «Жазғы мектеп – 2025» аясында білім беру саласының мамандарына арналған маңызды курстардың бірі – «IP бағдарламалар және силлабустар» атты екінші модуль өз жұмысын бастады. 

      Модульдің негізгі мақсаты – оқу бағдарламаларын әзірлеу және пәндер бойынша силлабустар құрастыру саласында педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

      Курс лекторы – Академиялық бағдарламаларды әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Мария Кабышева. Ол қатысушылармен білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи талаптары мен әдістемелерін бөлісуде.

      Модуль аясында силлабустың құрылымы мен оның негізгі функцияларын түсіндіру, оқу бағдарламаларын ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды қарастыру, білім беру стандарттарына сәйкес оқыту нәтижелерін дұрыс жобалау мәселелері қамтылды. Сонымен қатар пәнді жоспарлауда кешенді тәсілді қолдану және әртүрлі білім беру бағдарламалары үшін силлабустарды практикалық тұрғыда әзірлеу жолдары талқыланды.

      Аталған модуль тыңдаушыларға оқу процесін тиімді ұйымдастыру, заманауи әдістемелік құралдарды қолдану және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытында қажетті білім мен дағдыларды ұсынады.

      Айта кетейік, жазғы мектеп – педагогикалық құрамның кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына және академиялық сапаны арттыруға бағытталған маңызды платформа. Аталған курс 16–19 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған.

      Бөлісу: