Республикалық мансап орталықтары форумы
-
16 маусым, 2025
2025 жылғы 11–12 маусым күндері Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өткен Республикалық мансап орталықтары форумына «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімі белсенді түрде қатысты.
Ауқымды форумға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Серпін» әлеуметтік жобасының мамандары мен түрлі саладағы жұмыс берушілер қатысты.
Мемлекеттік білім грантын өтеу, түлектерді жұмысқа орналастыру мен оларды сүйемелдеу жүйесін жетілдіру, цифрлық құралдарды дамыту және университеттер мен еңбек нарығы арасындағы серіктестікті нығайту — шараның басты мақсаты.
Іс-шара бағдарламасы аясында цифрландыру және инновациялық тәжірибелерге қатысты баяндамалар тыңдалды, жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу жүргізілді, заңнамалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, қатысушылар үшін диалогтық және нетворкинг алаңдары ұйымдастырылды, сондай-ақ университет пен қала бойынша танымдық экскурсия өткізілді.
Бұл басқосу кәсіби байланысты арттыруға, жаңа тәжірибе алмасуға және ортақ мәселелерге қатысты тиімді шешімдер табуға зор мүмкіндік берді. Форумды жоғары деңгейде ұйымдастырған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұжымына, сондай-ақ шараға қатысқан барша әріптестерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бөлісу: