Білім берудегі көшбасшылық



    • Білім берудегі көшбасшылық

      12–13 маусым күндері университетімізде Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін уақытша атқарушы Еркін Жуманкулованың жетекшілігімен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбында арнайы курс өтті. Бұл курс университет ұжымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға, заманауи білім беру жүйесіне сай стратегиялық ойлау мен басқарушылық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

      Шара барысында Еркін Жуманкулова қазіргі білім беру саласында көшбасшының рөлі, оның ұжым ішіндегі ықпалы мен жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ академиялық ортада тиімді қарым-қатынас орнату, командалық жұмысты ұйымдастыру, инновациялық ойлауды дамыту және өзгерістерге икемді болу сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

      Курс аясында нақты практикалық мысалдар мен жағдайларға негізделген кейстер талданып, қатысушылар пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.

      Білім беру мекемесінде көшбасшы болу – тек басқару емес, сонымен қатар құндылыққа негізделген шешім қабылдай білу, сенім орнатып, ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдыра алу деген сөз. Осы бағытта өткен бұл курс оқытушылардың кәсіби дамуына тың серпін беріп, көшбасшылықты тек басқару құралы ретінде емес, сонымен қатар рухани, адами және стратегиялық дамудың негізі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

      Қатысушылар іс-шара мазмұнына жоғары баға беріп, алған білімдері мен тәжірибелерін күнделікті қызметтерінде тиімді пайдалануға ниетті екендіктерін білдірді. Көшбасшылыққа бағытталған бұл бастамалар болашақта да ұжымдық дамудың маңызды бөлігі болмақ.

      Бөлісу: