QyzPU жас зерттеушілері республикалық ғылыми байқауда үздік деп танылды



    • QyzPU жас зерттеушілері республикалық ғылыми байқауда үздік деп танылды

      «Сен ғылымға болсаң ынтық...» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында QyzPU жас ғалымдары өздерінің білім мен ғылымға деген қызығушылығын, шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

      Аталған байқауда «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 119 және 120-топ студенттері — Молдакерова Томирис, Ниматулла Асима, Нұрлан Баян және Нұрғали Гүлназ — ұсынған ғылыми жобаларымен жоғары нәтижеге қол жеткізіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

      Олардың ғылыми жетекшісі — Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қоштыбаев Талғат Бектасұлы. 
      Жетекші мен студенттердің бірлескен ғылыми еңбегі заманауи ғылым талаптарына сай келіп, байқау қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

      Сонымен қатар ерекше дарындылықтары мен белсенділігі үшін студенттер «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды. Бұл жетістік — олардың академиялық білімі мен ғылыми ізденіс жолындағы ынтасының жарқын дәлелі.

      Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ғылым жолында жаңа табыстар тілейміз!

      Бөлісу: