Магистратура мүмкіндіктері



    • Магистратура мүмкіндіктері

      Педагогика және психология институтында бітіруші курс студенттеріне арналған «Магистратура мүмкіндіктері» атты танымдық семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – түлектерге магистратураға түсудің жолдарын түсіндіру, кәсіби әрі ғылыми дамудың мүмкіндіктерін таныстыру.

      Іс-шара барысында қатысушыларға магистратураға құжат тапсыру тәртібі, қабылдау емтихандарының талаптары мен оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Спикерлер білім алудың маңыздылығына тоқталып, болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруда магистратураның шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

      Семинардың ерекше бөлімі ретінде қазіргі магистранттардың шынайы оқиғаларға негізделген кейстері тыңдалды. Олар білім жолындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, қандай қиындықтармен кездескенін, өздерін алға жетелеген мақсаттар мен мотивациялар туралы әсерлі әңгімеледі.

      Шара барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері мен магистратураның кәсіби дамуға тигізетін оң әсері кеңінен сөз болды. Мұндай кездесулер бітіруші курс студенттеріне нақты бағдар беріп, болашаққа сенімді қадам жасауға серпін береді.

      Бөлісу: