Ұлағатты еңбекке – лайықты құрмет



    • Ұлағатты еңбекке – лайықты құрмет

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойы 2024 жылы кең ауқымда атап өтілген болатын. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараларға түрлі себептермен қатыса алмаған бірқатар қызметкерлерге мерейтойлық марапаттар 2025 жылғы 5 маусым күні ресми түрде табысталды.

      Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай аталған тұлғалардың оқу орнының дамуына қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, мерекелік төсбелгілерін өз қолымен кеуделеріне тақты.

      Бұл құрмет – университеттің дамуына өз үлесін қосқан қызметкерлердің көпжылдық еңбегіне деген зор ризашылықтың белгісі.

      Марапат иелері өз тарапынан көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, университеттің алдағы даму жолына сәттілік тіледі.

      Бөлісу: