Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісінде көрнекті профессорларға «Құрметті профессор» атағы берілді
-
04 маусым, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиын барысында университеттің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар профессор-оқытушылар құрамына салтанатты түрде университет тарихында алғаш рет «Құрметті профессор» атағы берілді. Атаққа ие болғандар қатарында Күлпәш Сәриева, Рахия Дарменова, Ағима Исағұлова, Болат Жиенбаев және Айтжамал Мусина бар.
Бұл мәртебелі атақ аталған тұлғалардың ғылым мен білім беру ісіне сіңірген еңбегін тану мен құрметтеудің белгісі ретінде табысталды.
Сонымен қатар мәжілісте 2022–2024 оқу жылдары аралығындағы жасалынған қызметтің қорытындысы жасалып, университеттің стратегиялық даму бағыттары талқыланды. Басқарма Төрағасы-Ректор Гүлмира Қанай оқу ордасының соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, алдағы міндеттерге тоқталды.
Кеңес барысында: білім беру сапасын арттыру, академиялық үдерістерді жетілдіру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрландыру үдерістерін ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты күшейту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты шешімдер қабылданды.
Жиын соңында Ғылыми кеңестің белсенді мүшелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Университет ректоры атынан Алғыс хаттар табысталып, дәстүр бойынша шапан жабылды. Бұл — университет ұжымының ортақ еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагог кадрлар даярлау ісінде жетекші оқу орындарының бірі ретінде ғылым мен білім саласындағы көшбасшылықты одан әрі нығайта бермек.
Бөлісу: