Университетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан Жанар Қасымбекқызы мен Закир Даниярұлына алғыс айтамыз



    • Университетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан Жанар Қасымбекқызы мен Закир Даниярұлына алғыс айтамыз

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы Университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры қызметін атқарған Жанар Қасымбекқызы мен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры қызметін атқарған Закир Даниярұлына оқу орнының дамуына қосқан зор үлестері үшін алғыс білдіреді.

      2021–2025 жылдар аралығында:

      Жанар Қасымбекқызы Университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры ретінде бірқатар іргелі бастамаларды жүзеге асырды. Университеттің 2029 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары әзірленіп, негізгі даму құжаттары бекітілді. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы кезінде ұзақ уақыт қашықтықтан білім алған студенттерді Университет кампусына қайта қайтарып, Менталды денсаулықты дамыту орталығы, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлігі орталығы, Бейформалды білім беру орталығы құрылып, мыңдаған студенттің әлеуетін дамытуға ықпал етті. Сондай-ақ университеттің жергілікті және халықаралық рейтингтерге енуіне негіз қаланды.

      Закир Даниярұлы ғылым және халықаралық байланыстар саласын жетекшілік ете отырып, профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолға алды. Университет тарихында алғаш рет ғылыми жобаларды коммерцияландыруға арналған грант иеленіп, халықаралық серіктестік аясында АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Гонконг, Түркия университеттерімен байланыс орнатылды. Қосдипломды бағдарламалар мен біліктілікті арттыру курстары жолға қойылды.

      Проректорлардың кәсіби шеберлігі, бастамашылдығы мен жауапкершілігі университеттің дамуына елеулі серпін берді.

      Сіздерге зор ризашылығымызды білдіре отырып, алдағы кәсіби қызметтеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және жаңа белестер тілейміз!

      Бөлісу: