QyzPU жас зерттеушілері ECER 2025 конференциясында зерттеу жұмыстарын ұсынуға жолдама алды
-
03 маусым, 2025
QyzPU «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1–2 курс докторанттары және «Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» IP білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары «ECER 2025 – Еуропалық білім беруді зерттеу» конференциясында зерттеу жұмыстарын таныстыруға жолдама алды.
Конференция 2025 жылдың 8-9 қыркүйегінде (Жаңа зерттеушілер конференциясы) және 9-12 қыркүйегінде (ECER) Белградта өтеді.
Докторанттар: Тургалиева Айман – «Қазақстандағы мұғалім-оқушы этикасы: әдістемесі»; Болтабекова Акерке – «Қазақстандағы мұғалімдерді аттестаттау мен оқыту сапасы арасындағы байланысты зерттеу»; Амирова Диана – «Тәлімгерліктің Қазақстандық контексте жаңадан бастаған мұғалімдердің кәсіби дамуына әсері»; Ибрагимова Әйгерім Нұрланқызы – «Болашақ мұғалімдердің көзқарасы бойынша оқу тәжірибесінің цифрлық бейімделуі; Елеусіз Айгүл Бейбітқызы – «Қазақстандағы шетел тілі мұғалімдерінің медиа сауаттылығын зерттеу: кейс-стади».
Магистранттар: Сәбит Гайни – «Жаңадан келген мұғалімдерге тәлімгерлік етудегі және кәсіби өсуге ықпал етудегі мұғалімдердің көшбасшылығы: Әдебиеттерге жолу» – Жас зерттеушілер Конференциясының Постері; Тоғжан Қайырғазықызы – «Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттаудағы мансап бойынша кеңесшілердің рөлі: Әдебиеттерге шолу» - Жас зерттеушілер Конференциясының Постері; Раева Назира Қожахметқызы– «Сынып жетекшісі басшылығының оқушының тұлғалық дамуына әсері: Әдебиеттерге шолу» - Жас зерттеушілер Конференциясының Постері.
Докторанттар мен магистранттардың ғылыми жетекшілері — PhD Аюбаева Назипа Алтынбековна, PhD Қанай Гүлмира Әмірханқызы және PhD Жалалова Ақшай Максутовна.
Алдағы өтетін конференцияда жас зерттеушілерміз бен ғалымдарымызға сәттілік тілей отырып, жұмыстарын жоғары деңгейде қорғауына тілектеспіз!
Бөлісу: