2020: ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі шықты



    • 2020: ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі шықты

      АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Баспасөз орталығы – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының 2020 жылғы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі (алғашқы бестік):

      • 1-орын – Физика кафедрасы (жалпы балы: 28);

      • 2-орын – Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы (жалпы балы: 27,4);

      • 3-орын – Химия кафедрасы (жалпы балы: 23,6);

      • 4-орын – Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі (жалпы балы: 20,3);

      • 5-орын – Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы (жалпы балы: 18,9).

      Жүргізілген сараптамаға сәйкес Кітапханатану және библиография, Хореография және мәдени тынығу жұмысы, Дене шынықтыру және спорт кафедралары төмен көрсеткіш көрсеткен.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: