QYZPU ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ АҚШ-ТА ИНЖЕНЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР ҚОҒАМЫ ТАРАПЫНАН ЕҢ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ



    • QYZPU ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАСЫ АҚШ-ТА ИНЖЕНЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР ҚОҒАМЫ ТАРАПЫНАН ЕҢ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

      QyzPU ғалымдары халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Болат Джазкенұлы Джиембаевтың жетекшілігімен дайындалған ғылыми мақала 2024 жылы «The Engineered Science Publisher» (Scopus Q1, 90%) басылымында жарық көріп, «ES Food & Agroforestry» журналының 17-нөмірінде жарық көрді. «A Comprehensive Review of New Generation Plant Growth Regulators...» атты мақала 2024 жылғы үздік ғылыми жұмыстардың бірі ретінде танылып, АҚШ-тың Инженерлік ғылымдар қоғамы тарапынан жоғары марапатқа ие болды.

      Аталған мақала авторлары: Б. Джиембаев , Н.Жуманова, Н.Акимбаева, Н.Мырзахметова,  А.Куандыкова, Б.Диярова, О.Сейлханов, К.Кишибаев, А.Мельдешов, И.Сапарбекова, А.Ережепова.  

      Ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023–2025 жылдарға арналған AP19678514 «QyzPU» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, доцент Назгүл Акимбаева.

      Мақалада жаңа буын өсімдіктердің өсуін реттейтін заттардың құрылымы, биологиялық белсенділігі, ауыл шаруашылығындағы қолдану тиімділігі кеңінен қарастырылған. Ғылыми жұмыс экологиялық қауіпсіздікті сақтау және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

      Толық мақала сілтемесі

      Бөлісу: