QyzPU қауымдастырылған профессорлары – ғылым мен білімнің биік белесінде
-
05 маусым, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор ғылыми атағын иеленген оқытушыларды зор қуанышпен және мақтанышпен атап өтеді.
Университетіміздің түрлі ғылыми бағыттарында еңбек етіп жүрген бірқатар профессор-оқытушылар қауымдастырылған профессор атағына ие болды. Бұл – олардың білім мен ғылымға қосқан елеулі үлесінің, үздіксіз еңбегінің және кәсіби шеберлігінің нақты нәтижесі.
Соңғы бір жылда қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болған QyzPU мақтаныштары: Мырзахметова Нұрбала Оразымбековна, Орынханова Гибадат Аманжоловна, Заурбекова Нұрбике Жұмабаева, Қаптағай Гүлбану Әлібекқызы, Мекебаев Нұрбапа Отанович, Калиева Анар Нұрғайыповна, Парманбекова Меруерт Хамитбековна, Ануарова Ләйлә Ермекхановна, Иманова Эльмира Мырзабековна, Сартаева Ақмарал Алтынбековна, Агранович Елена Николаевна.
Бұл жетістіктер университетіміздің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Әрбір қауымдастырылған профессор – өз саласының белді маманы, болашақ педагог кадрларды даярлаудағы жетекші тұлға. Олар ғылымды дамыту, оқу бағдарламаларын жетілдіру және заманауи білім беруді алға жылжыту бағытында қажырлы еңбек етуде.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұжымы әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми ізденістеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа биіктер тілейді!
Бөлісу: