«Вибрациалды магнитометр 3100» ғылыми құрылғысы бойынша оқу семинары өтті
-
30 мамыр, 2025
2025 жылдың 29-30 мамыр күндері Кванттық магнитометриялық зерттеулер зертханасында «Вибрациялық магнитометр 3100» ғылыми құрылғысы бойынша оқу семинары ұйымдастырылды. Семинарға QyzPU химия кафедрасының жас ғалымдары қатысты.
Іс-шара спикері ретінде Қытай ғылым академиясының Чжэцзян провинциясы Нинбо қаласындағы Нинбо материалтану институтының постдокторанты Ма Ян шақырылды. Ол қатысушыларға вибрациялық магнитометрдің мүмкіндіктері мен қолдану бағыттары бойынша кең көлемде ақпарат берді.
Семинар аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Пәнаралық зерттеулер» орталығы мен Қытай ғылым академиясының Чжэцзян провинциясы Нинбо қаласындағы Нинбо материалтану институты арасында өзара ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл келіссөздер болашақта бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған.
Кездесу екі тарап үшін де тиімді және перспективалы ынтымақтастық бастамасы ретінде қарастырылуда.
Бөлісу: