«Zerde» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының жылдық қорытынды есеп беру кеші
-
30 мамыр, 2025
Жаратылыстану институтында «Zerde» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының жылдық қорытынды есеп беру кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұйымның бір жыл ішінде атқарған жұмыстарына есеп беру, студенттік бастамаларды қолдау және оқу ордасының қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан студенттерді марапаттау.
Кеш аясында «Zerde» ұйымының 2024–2025 оқу жылындағы негізгі іс-шаралары мен жетістіктері баяндалып, үздік студенттерге алғыс білдіріледі. Белсенділік танытқан жастарды Жаратылыстану институтының директоры Байташева Гаухар Умиралиевна мен Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Садыкова Дамежан Адилхановна салтанатты түрде марапаттады.
Бұл кеш – студенттердің қоғамдық белсенділігіне берілетін әділ баға мен жаңа буын көшбасшыларын қолдаудың айқын көрінісі.
Бөлісу: