Tashkent Spring Festival: QyzPU студенттерінің жарқын жеңісі
-
29 мамыр, 2025
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Музыка кафедрасы «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған қыздар хоры және «Егіздер толқыны» квартеті I Халықаралық өнер байқауы – «Tashkent Spring Festival» фестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алып, Дубай мен Баку қалаларында өтетін II Халықаралық фестивальға жолдама алды.
Бұл – студенттердің өнерге деген шексіз сүйіспеншілігінің, тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.
Қыздар хорының жетекшілері – магистр, оқытушы Жәнібек Дәулет пен Рахилям Балтиева, ал «Егіздер толқыны» квартетінің жетекшісі – Дидар Ахметжанова секілді тәлімгерлердің сіңірген еңбегі зор.
QyzPU ұжымы үшін бұл – зор мақтаныш! Жас өнерпаздарымызға халықаралық сахнада сәттілік пен шабыт тілейміз! Өнер жолындағы қадамдарыңыз әрдайым жарқын болсын!
Бөлісу: