QyzPU & EdUHK: Академиялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
-
29 мамыр, 2025
QyzPU мен EdUHK Гуманитарлық факультетінің өкілдерінің арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ресми кездесу өтті. Шара аясында екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық алмасу және ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында QyzPU мен EdUHK Гуманитарлық факультетінің өкілдері гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты — тілдік білім беру, мәдениеттану, медиа зерттеулері және өзге де өзекті бағыттарды қарастырды. Тараптар заманауи академиялық үрдістерді талқылап, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен оқытушылар мен студенттер алмасуын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
QyzPU Кәсіби даму орталығы ұйымдастырған бұл шара университеттің халықаралық әріптестік пен білім саласындағы ынтымақтастыққа деген ұмтылысын айқын көрсетті.
Аталған кездесу Қазақстан мен Гонконг арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға және білім беру, ғылыми зерттеулер мен мәдени диалогты дамытуға бағытталған жаңа жобаларды бастауға маңызды серпін берді.
Бөлісу: