QyzPU халықаралық академиялық ынтымақтастық аясын кеңейтуде
-
29 мамыр, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қытайдың Чэнду қаласындағы Өнеркәсіп және сауда колледжі арасында халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ресми кездесу өтті.
Кездесу аясында тараптар цифрлық және зияткерлік дағдыларды дамыту, академиялық ұтқырлықты арттыру, сондай-ақ мәдениетаралық тәжірибе алмасу бағытында бірлескен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушыларды алмастыру, қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ академиялық және мәдени алмасуларды жандандыру, бірлескен зерттеулер жүргізу, халықаралық конференциялар, семинарлар мен академиялық форумдар ұйымдастыру арқылы ғаламдық ойлау мен өзара түсіністікті қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Кездесу нәтижесінде тараптар ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ниетті екендерін білдіріп, өзара түсіністік туралы меморандум жобасын әзірлеуге уағдаласты. Бұл құжат болашақ нақты қадамдар мен жобаларды іске асыруға берік негіз болмақ.
Визит шеңберінде делегациялар жұмыс кездесулерін өткізіп, университет кампусымен танысты және ықтимал бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын таныстырылымдар жасады.
Бөлісу: