Университет ғалымдары 40 патентке қол жеткізді
-
11 ақпан, 2021
АЛМАТЫ. 11 ақпан. Баспасөз орталығы – Өнертабыс – қоғам дамуының қозғаушы күші, ғылыми әлеуетті арттырудың алғышарты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мұғалім кадрларын даярлаумен қатар, оқу орны ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына да мүмкіндік береді.
Соның нақты нәтижесі – өнертабыс патенттері мен авторлық куәліктер. 2020 жылы университет оқытушылары мен ғалымдары 40 патентке қол жеткізді.
Сараптама нәтижесі:
• 1-орын – Филология институты (11);
• 2-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі (10);
• 3-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі (9);
• 4-орын – Тарих және шетел тілдері институты (5);
• 5-орын – Жаратылыстану институты (3);
• 6-орын – Өнер және менеджмент институты (2).
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: