Бірінші қадамнан мәреге дейін: марафон өмірді қалай өзгертеді



    • Бірінші қадамнан мәреге дейін: марафон өмірді қалай өзгертеді

      Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бірінші қадамнан мәреге дейін: марафон өмірді қалай өзгертеді» атты мотивациялық кездесу өтті. 

      Мақсаты – қатысушыларға марафон арқылы өмірлік қиындықтарды жеңу жолдарын көрсету, ішкі мотивацияны нығайту және табандылықтың маңызын түсіндіру. Сонымен қатар бұл шара қатысушылардың өмірге деген көзқарасын өзгертуге, мақсаттарына жетуде сенімді қадам жасауға бағытталды.

      Кездесуге Almaty Marathon және rockros.kz жобаларының амбассадоры, спорт белсендісі, салауатты өмір салтын ұстанушы Айгерім Исхакова арнайы шақырылды. Спикер шара аясында марафонға қатысу арқылы өзін-өзі дамыту, мотивацияны арттыру және өмірлік мақсаттарға жету жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Оның шынайы оқиғалары мен жігерлі көзқарасы қатысушыларды ерекше рухтандырды.

      Кездесу жайлы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара ой алмасты.

      Бұл шара қатысушылар үшін жаңа мотивация көзіне айналып, армандарына жету жолында алғашқы сенімді қадам жасауға серпін берді.
       

      Бөлісу: