Студенттермен кездесу: психологиялық тұрақтылық және діни экстремизмнің алдын алу



    • Студенттермен кездесу: психологиялық тұрақтылық және діни экстремизмнің алдын алу

      2025 жылғы 28 мамыр күні Менталды денсаулықты дамыту орталығының басшысы Ақылбек Сағындықов Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

      Кездесудің мақсаты – болашақ мамандардың психологиялық тұрақтылығын арттыра отырып, деструктивті діни идеологиялардан сақтандыру және ұлттық құндылықтарға негізделген саналы көзқарас қалыптастыру болды.

      Кездесу барысында менталды саулық, тұлғалық даму мәселелерімен қатар, діни экстремизмнің алдын алу тақырыбы да кеңінен қозғалды. Студенттерге радикалды діни ағымдардың белгілері, олардан сақтану жолдары және Қазақстандағы конфессияаралық татулықты сақтау маңыздылығы жөнінде нақты ақпарат берілді.

      Ақылбек Сағындықов жастарға дін саласындағы сенімді ақпарат көздерін дұрыс таңдаудың маңызын атап өтіп, күмәнді діни топтардан бойды аулақ ұстауға кеңес берді. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына ашық түрде жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

      Бөлісу: