Волонтерлік – жүректен басталады



    • Волонтерлік – жүректен басталады

      27 мамыр күні «Жасыл Ел» мен «Ашық Жүрек» ұйымдарының бастамасымен, Ұлттық Волонтерлік Желі қорының қолдауымен «Волонтерліктің негіздері» атты семинар-тренинг табысты өтті.

      Шараның арнайы спикері — The First қорының тең құрылтайшысы, Ұлттық волонтерлік желінің білікті жаттықтырушысы Ни Фанис Генадиевич болды. Ол қатысушыларға волонтерлік қызметтің мәні мен қоғамдағы рөлі жайлы терең мағлұмат беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

      Семинар барысында студенттер волонтерліктің маңызын терең түсініп, оның қоғамға тигізер оң әсері жайлы жан-жақты мағлұмат алды. Сонымен қатар тұлғалық даму мен soft skills (икемді дағдылар) туралы білімдерін кеңейтіп, бұл дағдылардың болашақ кәсіби және жеке өмірде қаншалықты маңызды екенін ұғынды. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алып, тың идеялар мен жаңа шабытқа ие болды.

      «Волонтерлік — тек көмек көрсету емес, бұл — өзіңді дамытуға апарар жол» деген идея шараның негізгі лейтмотивіне айналды. Семинар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

      Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тренингтер жастардың көшбасшылық қабілетін оятып, болашақта қоғамға белсенді араласуына жол ашады.

       

      Бөлісу: