Өнермен өрілген жол: түлектердің есеп беру кеші
-
27 мамыр, 2025
Бүгін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Хореография және арт-менеджмент кафедрасы, «Мәдени тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің есеп беру концерті өтті. Концертке кафедра оқытушылары, қонақтар мен студенттердің жақындары қатысты.
Бұл ерекше шара – болашақ мәдениет мамандарының төрт жыл бойы алған білімдері мен шығармашылық ізденістерінің жарқын нәтижесі. Концерт барысында студенттер өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін, сахналық мәдениетін, өнерге деген сүйіспеншілігі мен кәсіби біліктіліктерін көрерменге паш етті. Әрбір қойылым көркемдік мазмұнымен, терең мағынасымен және жоғары деңгейде орындалуымен ерекшеленді.
Шара соңында кафедра меңгерушісі мен оқытушылар студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Бұл концерт – тек есеп беру ғана емес, сонымен қатар болашақ мәдениет қайраткерлерінің үлкен өнер жолына жасаған сенімді алғашқы қадамы болды.
Бөлісу: