Жас зерттеушілердің хореографиядағы жаңа қадамдары



    • Жас зерттеушілердің хореографиядағы жаңа қадамдары

      QyzPU базасында «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу конкурсы өтті. Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен іс-шаралар аясында Әлеуметтік-гуманитарлық және өнер институтының Хореография және арт-менеджмент кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды.

      Конкурстың негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, хореография саласындағы заманауи ғылыми мәселелерге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шығармашылық ойлау мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

      «Хореография» білім беру бағдарламасының тобы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының байқауына 8 ғылыми жұмыс келіп түсті және конкурстық комиссия тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары тексеріліп, сарапталды. Ғылыми зерттеу жұмыстары комиссия мүшелеріне студенттің, жетекшінің аты-жөні, жоғары оқу орнының атауы көрсетілмей жіберілді.

      Комиссия құрамы бағалау критериилеріне сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

      Атап айтқанда, ІІІ орын иегерлері: Инабат Орынбасар, жетекшісі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Анипа Кусанова (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті); Рустем Амирбеков, жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, профессор Гульнара Саитова (Қазақ ұлттық хореография академиясы); Альмира Махамбетова, жетекшісі: аға оқытушы, магистр Алия Кенжетаева (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті).

      ІІ орын иегерлері: Зейнегуль Ансатбаева, жетекшісі: аға оқытушы, магистр Мадина Асанова (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті); Алиса Аманова, жетекшісі: аға оқытушы, магистр Ильзат Ришатович (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы).

       І орын иегері:  Баян Қожагелдиева, жетекшісі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Самал Бәкірова (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті).

      Барлық жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, ғылыми-шығармашылық табыс тілейміз.

       

       

       

       

      Бөлісу: