Халықаралық форум: «Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі»



    • Халықаралық форум: «Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі»

      Білім ордамызда «Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі» атты халықаралық форум өтті. Шара «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды. 

      Форумның басты мақсаты – заманауи ата-ана болу тәжірибесін насихаттау, отбасылық тәрбиеде ересектердің құзыреттілігін арттыру және сараптамалық дискуссиялық алаң құру.

      Іс-шара жұмысына Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

      Кездесу барысында бірқатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, кәсіби сарапшылар өз баяндамаларын ұсынды. Дөңгелек үстел отырыстарында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-ана болу мәдениетін дамыту, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, дағдарыстық жағдайларды болдырмау және сапалы психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылды.Жиын аясында отбасында қауіпсіз кеңістік құрудың тиімді стратегиялары ұсынылып, бірлескен бастамалар мен нақты ұсыныстар талқыланды.

      Форум ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызын көрсетті. Халықаралық деңгейдегі мамандар тәжірибе алмасып, отбасы ішіндегі сенімді қарым-қатынас пен қауіпсіз ортаны қалыптастыру жолдарын ұсынды. Жиын отбасылық тәрбие мен ата-аналық мәдениетті жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен қорытындыланды.

      Бөлісу: